Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Сарағашта зорланған бала бір жыл бойына сабаққа бармаған. Ал зорлаушылар жазаланбаған

Жәбірленген жасөспірім былтырдан бері сабаққа да барып жүрген жоқ. Қатарластары мазақ қылатын көрінеді. Анасы содан бері ұлының мінезі де, денсаулығы да күрт нашарлағанын айтады - адвокат.

Фото : piter.tv15 ноября 2019, 09:37

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Алтынкүл Арапова бір жылдан бері әділдік таппай жүр. Оның 14 жастағы ұлын интернатта бірге жататын ауылдастары зорлап келді деп күдікке алынған. Бірақ сот жәбірленушіні емес, айыпталушыларды ақтап шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы № 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке қарасты интернатта болған. Мұнда көршілес ауылдардан келген оқушылар жатып оқиды. Баласы бастауышты бітіргелі ауылдастарынан ажырамай, интернатқа келген. Анасының айтуынша, осында оны өзінен жоғары класта оқитын ағайынды екі бала зорлап келген. Ұлының айтуымен қалай болғанын да баяндап берді. Былтыр қыркүйекте белгілі болған іс сотқа да жеткен. Бірақ судья зорлау расталмады деп ұйғарған. Алтынгүл апелляциялық шағымнан да әділет таппадым деп күйініп отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Алтынкүл АРАПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

- Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп барлығы әкімият, мектеп, интернат барлығы Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жауады, бәрі ақша деп ойлаймын.

Жасөспірім адвокаты қолдарындағы дәлел де, оны растаған куәгерлер сөзі де ескерілмегенін айтты.

Айман ОМАРОВА, АДВОКАТ:

- Біздің пікіріміз бойынша, бұл жерде "астар" бар деп санаймын бұл істің. Себебі егер де зорлаған баланы соттайтын болса онда интернатты жабу керек. Ол интернатқа қаржы бөлініп жатыр, оған әкімшіліктердің де қатынасы бар деп санаймын. Менің ойымша, бұл жерде қаржы мәселесі жатыр ма деп ойлаймын. Жемқорлық мәселесі бар деп ойлаймын. Сол үшін сот әділ болмайды деп санаймыз. Неге десеңіз алқа билер қалай болады, алқа билер сол әкімшіліктен келеді көбі. Ал жәбірленген жасөспірім былтырдан бері сабаққа да барып жүрген жоқ. Қатарластары мазақ қылатын көрінеді. Анасы содан бері ұлының мінезі де, денсаулығы да күрт нашарлағанын айтады.

Алтынкүл АРАПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

- Бұлар оңбағандар менің баламды өмірін құртып отыр ғой. Бұрынғы қалпына ешқандай келтіре алмайды енді, енді моральный да төлемей отыр бұлар, заңсыз құтырып сен бәле жаудың деп бүткіл ауыл маған бәле жауып, ұрсып, көшіреміз дейді бұл ауылдан.

Анасының айтуынша ұлы Алматыда оқығысы бар. Бірақ мектептің балаға берген мінездемесі тым нашар көрінеді. Ал Сарыағаш аудандық білім бөліміндегілер оған ешқандай кедергі жоқ деп отыр.

Сабыр МОЛДАХОДЖАЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

- Енді ол кісінің өзін біз таба алмай жатырмыз ғой, ол кісі тек телефон арқылы сөйлеседі ғой бізбен ол кісінің өзі. Алматыға егер дейтсвительно мынандай құжаттар болса... біз орналастырамыз дейтін болса біз тиісті, өзімізге қатысты құжаттарды жасап беретін едік.

Бірақ әділдік таппадым деген ана мұнымен тоқтап қалмақ емес. Баласының құқы қорғалуы үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа да шағым түсірген.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии