Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ЕАЭО елдерінің ұлттықтан жоғары қаржылық реттеу органы Алматыда құрылады - Досаев

2025 жылдан бастап Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ортақ қаржы нарығын реттейтін ұлттықтан жоғары органның құрылады.

Фото : liter.kz15 ноября 2019, 11:27

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев орталық банк Нұр-Сұлтан қаласына көшкеннен кейін Алматының қаржы орталығы ретіндегі мәртебесі сақталатын-сақталмайтындығы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ҚР Ұлттық банктің бас кеңсесі Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшкен жағдайда да бұл қала Қазақстанның қаржы орталығы мәртебесін жоғалтпайтынын айтты. Мұнда екінші деңгейдегі банктерді бақылайтын Бағалы қағаздар орталық депозитариі, Мемлекеттік несие бюросы және барлық қаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктердің бас кеңселері орналасқан.

- Бүгіндері Алматыда орналасқан қаржы институттарының мәртебесіне қатысты алаңдаушылық бар екенін жақсы білемін. Мысалы, елордамызда орналасқан екі банктің бірі бас кеңсесін Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сол секілді Халықаралық валюта қоры жақында Орталық Азияның, Кавказ бен Моңғолияның 9 мемлекетіне техникалық көмек көрсететін Өңірлік техникалық орталық құру туралы шешім қабылдады, ал бұл орталық 2020 жылдан бастап Алматыда орналасады.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк астанаға түпкілікті көшкен жағдайда, қаржы орталығымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін Алматыда тұрақты өкілдігін ашады. Осы фактілердің барлығы Алматы қаржылық ресурстарды шоғырландыратын, қаржы орталығы және ішкі және шетелдік инвестицияларды тартып, бизенсті дамытуға ыңғайлы қала болып қала беретіндігін растайды, - деді Ерболат Досаев Алматыда Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің 26 жылдығына арналған конференцияда.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық банктің басшысы ЕАЭО Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанның қаржы саласына қатысты жоспарларымен бөлісті.

- Мен жақында Минскіде болдым, біз 2025 жылдан бастап Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ортақ қаржы нарығын реттейтін ұлттықтан жоғары органның құрылатындығы жөніндегі шешімді растадық, - деді Ерболат Досаев.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии