Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Астана біздікі!..". Желіде мұздай қаруланған жігіттің видеосы тарауда

Бұл видеороликке қатысты елордалық полиция тергеу ісін бастап кетті.

Фото : видеодан алынды15 ноября 2019, 11:45

Әлеуметтік желіде көлік ішінде түрлі қаруды ұстап көрсетіп: "Астана, біздікі" деген жігіттің видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұздай қарулы жігіттің видеосы Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды. Оның қолында төрт оқты травматикалық тапанша, электр талдырғыш тапанша пен автоматқа ұқсас қарулар бар.

- Ей, Салам Алейкум ағайын! Астана - біздікі, біздікі! - дейді жігіт видеода орысша балағат сөздерді араластыра.

"Мен бәрін қырып саламын", - дейді арғы жағындағы тағы бірі.

Видеода бейәдеп сөздер бар.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне бұл видеоны көріп үлгергендерін және оны зерттеп жатқандарын айтты.

- Бұл видеоға сәйкес, елордалық полиция департаменті бүгіндері тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша бұл туралы қосымша хабарланады, - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии