Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оралда бір күнде 60 "джип" жалдап, саунаға барған адам ұсталды

Ұсталған адам бұрын бірнеше рет сотты болған.

Фото : mgorod.kz16 ноября 2019, 22:07

Toyota Land Cruiser Prado, Mercedes-Benz G-Wagen және Lexus сынды жол талғамайтын көліктер тізбегі Орал қаласының Самал-1 ықшамауданында "Арасан" саунасына кіре берісінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Орал қаласының полиция бөлімінің бастығы Мирлан Айкенов қазірдің өзінде 20 джиптің қала полиция бөліміне жеткізілгенін айтты.

- "Аумақ" жедел-алдын алу профилактикалық шарасы кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол Орал қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Оның бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Ол бір күнде 60 жол талғамайтын көлікті жалдап, соның бәрімен қала ішінде жүрді. Қазіргі уақытта біз оның жасалған қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Қазір айта алмайтын бір ақпарат бар. Жол талғамайтын көліктерді бір адам жалға алған, - деді Мирлан Айкенов.

Басқа мәліметтер нақтылануда.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии