Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігітті полиция шырылдатып ұстап алды

Ол 2017 жылдың маусым айында ұсталып, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Фото : видеодан алынды18 ноября 2019, 09:41

Нұр-Сұлтанда полицияның мұздай қаруланған адамды ұстағаны түсірілген видео желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қарашада әлеуметтік желіде көлік ішінде бірнеше қаруды қолына ұстап көрсетіп, "Астана біздікі", тағы бірінің "Қазір бәрін қырып саламыз" деген видеосы тараған еді.

Видео зерттеліп, полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған 24 жастағы ер адамды ұстады.

Елордалық полиция департаменті ол адамның бұрын не үшін сотталғаны туралы мәлімет таратты.

Ол 2017 жылдың маусым айында ұсталып, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

- Биыл 4 қаңтарда жазаның өтелмеген бөлігі заңнамадағы ізгілендіру саясатына байланысты шартты жазаға ауыстырылып, Нұр-Сұлтан полициясы пробациялық бақылауы бойынша ол бостандыққа шыққан. Алайда, ұсталған адам өзі үшін қажетті қорытынды жасамай, тағы да заңды бұзды, - деп атап өтті полициядағылар.

Қазіргі уақытта бас бостандығын шектеуді нақты бас бостандығынан айыру түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс беру мәселесі шешілуде.

Бұл видеодағы көлік рөлінде отырған ер адам да анықталып, қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жігіттің полиция ұстауына түрткі болған ерсі қылығын мына сілтемеден көре аласыздар: "Астана біздікі!..". Желіде мұздай қаруланған жігіттің видеосы тарауда


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии