Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Хабиб Нұрмагомедовке қазақтар ерекше ер тоқым сыйлаған

Ұста бір ер-тоқым жасау үшін бір айдай уақыт кететінін айтады.

Фото : ognialatau.kz18 ноября 2019, 09:59

UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов қыркүйек айында GFC 17 - Jayynger турниріне қатысу үшін Атырауға келген кезде ерекше ер тоқым сыйға тарту етілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар Алматы облысындағы қолөнер шебері Мейірхан Данышпановқа ұлттық стилде сыйлықтар даярлауға тапсырыс беріпті. Қарапайым ұста ол кезде бұл туралы тіс жармауды жөн көрген, бірақ қазір ауыл тұрғындары өз жерлестері туралы мақтанышпен айтуда, деп жазды Эксперсс-К.

"Мен ІІ-топтағы мүгедекпін, бірақ ешқашан біреудің мойнында отырып немесе жұмыссыз жүрген емеспін», - дейді Мейірхан Данышпанов. 1992 жылы мен былғарыдан және ағаштан бұйымдар жасаумен айналысуды ұйғардым, көп ұзамай бұл хоббиім кәсіпке айналды. Содан бері ер-тоқым, ат әбзелдері, камшы, домбыра жасап, көп тапсырыс орындадым...

Мен Хабиб Нурмагомедов пен оның әкесі Абдулманапқа ерекше шабытпен ер-тоқым жасадым. Кейін жігіттер кавказдықтардың сыйлыққа қатты разы болғанын айтты, өйткені біздің өмір сүру мәдениетіміз бен құндылықтарымызда ұқсастықтар бар ғой", - дейді ол.

Ұста бір ер-тоқым жасау үшін бір айдай уақыт кететінін айтады. Біріншіден, дизайн ойластырылады, одан соң материал мен түстері мұқият таңдалады, содан кейін өндіріс ежелгі технологияларды сақтай отырып, басты процесс басталады. Күміс және қымбат тастармен безендіру ісіне көп уақыт кетеді екен.

- Ата-бабаларымыздың мұрасын сақтау үшін оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу керек. Мысалы, мен ұлдарыма қолөнерге үйреткенмін, енді біз қол астымызға бес студентті алдық, - деп түйіндеді сөзін Мейірхан аға.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии