Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жүргізуші куәлігінен өмір бойы айыру жазасы енгізіледі

Адам қағып өлтірген және мас күйінде жол-көлік апатын жасау қайталанған жағдайда жүргізушілер куәлігінен өмір бойына айырылады.

Фото : user.vse42.ru20 ноября 2019, 15:13

Мәжілісте ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов "Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Біз мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Қазір адам қаққан жүрігізуші мас, не мас емес екеніне қарамастан 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал енді мас күйде адам қаққандарды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру, сондай-ақ 10 жылға бас бостандығынан айыру жоспарлануда, - деді ол.

Мас күйде ауыр салдары жоқ жол-көлік апатын жасаған жүргізушілер үшін де қамауға алу мерзімі ұзартылады.

- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес, мас күйде көлік жүргізу үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылады, ал көлік жүргізу құқынан айыру 8 жылға дейін созылады. Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандар мен мас күйде жол-көлік апатын жасағандар – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады, ал осы қылмысты қайталағандар мен ауыр қылмыс жасағандар – өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылады, - деп нақтылады Ахметжанов.

Оксана Скибан, Нұр-Сұлтан


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии