Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Банктен ұрлаған ақшасын жітіқаралық туысқандарының 8 несиесін жабуға жұмсаған

Тергеушілер банк қызметкерінің 2019 жылы 12 қарашада Ресей Федерациясының шекарасынан асып кеткенін бірден анықтады.

Фото : Алау21 ноября 2019, 11:16

Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық полиция қызметкерлері РФ ІІМ Челябі облысы бойынша Бас басқармасының қызметкерлерімен бірге Челябі қаласында Жітіқарадағы банк бөлімшесінен ірі көлемде ақша ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алау басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс 2019 жылдың 12 қарашасында жасалған. Банк қызметкері, 29 жастағы Жітіқара тұрғыны өзіне сеніп тапсырылған 250 мыңнан астам евроны ұрлап кеткен. Дәл сол күні Қостанай облысының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, яғни "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ұстауға санкция алынды. Тергеушілер банк қызметкерінің 2019 жылы 12 қарашада Ресей Федерациясының шекарасынан асып кеткенін бірден анықтады.

Қылмысты тергеу және күдіктіні ұстау үшін облыстық полиция департаменті Қылмыстық іс жүргізу басқармасының бастығы подполковник Мейрам Базарбаев басқарған арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеуді полиция департаментінің бастығы генерал-майор Бекет Аймағамбетов өз бақылауына алды.

Челябі қаласында ресейлік әріптестердің көмегімен бірқатар жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізілді. Күдіктіні Челябинскіге Қазақстанның таксиі алып келгені анықталды.

Іздеу жұмыстары "Куб" дүкені аумағынан басталып, қала бойынша жалғасын тапты. Бір апта ішінде полиция қызметкерлері қылмыскер жасырынған жалдамалы пәтерді тапты. 20 қарашада жалдамалы пәтерге тінту жүргізіліп, ұрланған ақшаның бір бөлігі - 136 мың евро табылып, тәркіленді. Жауап алу кезінде күдікті ақшаның бір бөлігін өзінің және туыстарының атына тіркелген 8 қарызды Интернет арқылы жабуға жұмсағанын айтқан.

Қазіргі уақытта оны Қостанай облысына жеткізу мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта ұсталған адам Челябі қаласының тергеу изоляторына тоғытылған.

Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Бекет Аймағамбетов қылмыскерді ұстауға көмектескен ресейлік әріптестеріне алғыс білдірді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии