Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мамин: Швейцария мен бізді тұрақты серіктестік қарым-қатынас байланыстырады

2005 жылдан бері Швейцария Қазақстан экономикасына 24 млрд-тан астам доллар инвестициялады.

Фото : primeminister.kz22 ноября 2019, 12:28

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның Федералды Президенті, Федералды Қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Швейцариямен бізді тұрақты әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Мұндай өзара қарым-қатынастардың негізін Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпвекторлы сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді", — деді Асқар Мамин.

Швейцария Қазақстанның аса ірі сауда серіктестерінің ондығына және негізгі инвесторларының үштігіне кіреді. 2018 жылы тауар айналымы 3,1 млрд долларды, ал биыл 9 айда 1,9 млрд долларды құрады, осы жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілетін қызметтер саудасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артты.

2005 жылдан бері Швейцария Қазақстан экономикасына 24 млрд-тан астам доллар инвестициялады. ҚР-да швейцариялық капиталдың қатысуымен 324 компания тіркелген, оның ішінде "Glencore International AG", "Philip Morris", "Nestle", "Ammann Asphalt GmbH" және т.ағы басқасы да бар. Швейцария бизнесі ауыл шаруашылығында, көлік және қаржы секторларында, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібінде, көтерме-бөлшек саудада және тағы өзге салаларда қамтылған.

Экономикалық серіктестікті нығайтуға Қазақстан – Швейцария Іскерлік кеңесі және сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысы ықпалын тигізеді.

"Қазақстан – Швейцарияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің өзара іс-қимылымыз екіжақты форматта да, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры аясында да дамып жатыр. Біз экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделіміз", — деді Ули Маурер.

Швейцариялық тарап Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалдың және бизнесті дамыту үшін жағдайлардың бар екенін атап өтті, бұған Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингіндегі ҚР-ның позициялары дәлел бола алады.

Тараптар ауқымды бағыттар — сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық, туристік, зергерлік салаларда, фармацевтикада, денсаулық сақтау және білім беруде, жасыл экономика мен су шаруашылығы саласында, сондай-ақ АХҚО, Дүниежүзілік банк, ХВҚ, ДСҰ бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Швейцарияның Федералды Президенті Ули Маурердің Қазақстанға ресми сапарының аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер, сондай-ақ, екі елдің іскерлік орталарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии