Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қытай компаниясы Шымкентте жаңа зауыт ашатын болды

Зауыт іске қосылса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Фото : видеодан кадр22 ноября 2019, 13:23

"Сracking catalуst" ЖШС жобаны жүзеге асырса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"Сracking catalуst " ЖШС 2017 жылдың қараша айында ашылды. Былтыр өндіріс базасы құрылып, бүгінде кәсіпорынның өз қоймалары бар. Қысқа мерзімде сілтіні ерітетін қондырғы да орнатылды. Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіде каустикалық сода дайындайды. Өнім Қазақстанда ресми тіркелген.

Кәсіпорынның басты бағыты Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту. Бұл қондырғылар ЖЖМ мен мотор майларын өндіруде мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын каталитикалық крекинг өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі — қытайлық компаниямен жұмыс істейді.

"Қытай компаниясы катализатор өндірісі зауытын салу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстанда мұндай өндіріс орны жоқ. Бұл алғашқы зауыт болмақ. Биылғы жылдың сәуірінде қытайлық компаниямен меморандум түзілді",- дейді "Сracking catalуst " ЖШС-нің бас директорыТәжіхан Жақсыбаев.

Қазіргі таңда қытайлық серіктестер зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындай бастады. Шымкентке 5-6 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құймақ. Зауыт іске қосылса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии