Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көп балалы отбасы жәрдемақы алады

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылуда.

Фото : Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі22 ноября 2019, 16:21

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша, 4 және одан да көп баласы бар 346 мың көп балалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Бұл жәрдемақы енгізілген соң оны алушылар саны Қазақстандағы көп балалы отбасылар санының көбеюіне байланысты артуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл енгізілген мемлекеттік жәрдемақы - биылғы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі - ӘҚБ) қарастырылған аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі. Таяу уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына ұсынуды жоспарлап отыр.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай есептеледі. Мәселен, 4 баласы бар отбасыларға 42 мың 500 теңге, 5 балаға – 53 мың 125 теңге, 6 балаға – 63 мың 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 мың 375 теңге төленеді.

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп.

Еске салайық, 7 қазанда ҚР Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АӘК ұсынудың жаңа тетіктерін ұсынды, оны Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарлануда.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии