Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Келес ауданында Тұңғыш Президент күніне орай 300 орындық мектеп пайдалануға берілді

Тоқырау жылдары талай қиындықты бастан өткерген ауыл ақсақалдары осынау жетістіктерге қол жеткізуде Елбасымыздың ерен еңбегі мол екендігін атап өтті.

Фото : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі1 декабря 2019, 19:43

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта мектептің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа білім ұясы 300 оқушыға лайықталған. Мектептің ескі ғимараты 1978 жылы салынған болатын. Бірақ спорт залы, асхана, қосымша үйірмелер жүргізу үшін сынып бөлмелері жетіспеуші еді. Жаңадан бой көтерген білім мекемесінде 1 спорт залы, тігін және ағаш ұстасы сынды түрлі үйірмелердің жұмыс жасауына мүмкіндігі мол.

Келесі жылы ауданда қосымша екі мектеп пайдалануға берілмек. Тұңғыш Президент күніне орай, Келес ауданында жалпы 4 нысан пайдалануға берілді. Біртілек ауылдық округі мен Еңбекші елді мекені сапалы электр қуатымен қамтылып, 13 шақырым көше жиегіне жарық шамдар орнатылды.

Мереке күні қарсаңында сонымен қатар осыған дейін ауыз су тапшы болып келген Жүзімдік, Көкбұлақ елді мекендерінде су жүйесі ашылды. Соның арқасында ауыл тұрғындарының шаңырағына су құбыры жеткізіліп, халықтың қуанышы еселенуде.

Тоқырау жылдары талай қиындықты бастан өткерген ауыл ақсақалдары осынау жетістіктерге қол жеткізуде Елбасымыздың ерен еңбегі мол екендігін атап өтті.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии