Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Асқар Мырзахметов көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетті

Биылдан бастап волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды.

Фото : Zakon.kz2 декабря 2019, 11:33

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жалпы республикалық акциясы аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов көмекке мұқтаж екінші топ мүгедектері мен аз қамсыздандырылған отбасыларға барып, азық-түлік себеттерін үлестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетерлігі, биылдан бастап волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің

№52 Қаулысымен (2019 жылғы 14 наурыздағы) "Қамқор" волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі жоспары бекітілген болатын.

Жоспарға сәйкес әлеуметтік карта жасақтау мақсатында барлығы 1800 жас волонтер ретінде тартылды.

Бұл мақсатқа 15 млн теңге қаржы қаралды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені (Бейбітшілік 97 "А", Бәйдібек би 1 "А", Төле би 74 "Б" көшелерінде) ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталды.

Халық көп шоғырланатын 5 сауда орындарында арнайы киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер (9 мөлтек ауданы "Айырылмас" СО, Абай даңғылы "Тарго" СО, Қант зауыты аймағы, Рафинадная көшесі 3 "А" "Тәтті себет" ("Вкусная корзинка") СО, Жібек жолы 64 "Б" (40 мельница), "Тәтті себет" ("Вкусная корзинка") СО) орнатылды.

Жыл басынан бері жалпы 5 тонна (797 кг - қорлардан, 4,2 - тонна халықтан) киім-кешек жиналса, оның 2 тоннасы үлестірілді. Жалпы дүкенде 3 тонна киім-кешек қоры бар.

Дүкендерге 70 отбасы айына 1 реттен келсе, 20 отбасы 3 айда 1 реттен келетіні анықталып отыр.

Сол сияқты, жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 млн теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Жоба аясында "Харекет" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында 6 мұқтаж (Байзақ - 2, Қаратау - 2, Т.Рысқұлов - 2) отбасына пәтер алып берілді. Жыл соңына дейін тағы 4 үй алып беру жоспарлануда.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии