Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанда ет комбинаттары мен сүт зауыттарын сала берудің қажеті жоқ

Онсыз да қолданыстағылары толық қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ - министр.

Фото : kubanmakler.ru3 декабря 2019, 15:32

Ет зауыттары мен сүт фермаларын салуды доғару мәселесі талқыланып жатыр, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгінгі үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2017 жылдан бастап біз субсидиялауды қысқарта бастадық. Алдымен астықты, одан кейін майлы дақылдар мен бау-бақша өнімдерін субсидиялаудан бас тарттық. Енді біз ірі қара мал етіне, жұмыртқаға, қымызға және шұбатқа, күрішке, мақтаға субсидияларды алып тастауды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл тауарлардың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі бар, - деді Омаров.

Сонымен қатар ол осы мақсатта босап, артылған қаражат асыл тұқымды мал сатып алу, сондай-ақ импортқа тәуелді позицияларды субсидиялау сияқты басым бағыттарға қайта бөлінетінін айтты.

Ол бір тауарды субсидиялау сол тауар өндірісін өрістету үшін тиімді экономикалық ынталандыру жайын тудырады, бірақ мемлекеттік қолдаудың бұл түрі ішкі нарық қаныққанша уақытша болуы керектігін айтады.

Үкімет инвестициялық субсидиялар машина-трактор паркін жаңартуды ынталандыруға, агроөнеркәсіптік кешенде модернизациялауға және жаңа өндірістер құруға, оның ішінде импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті іске асыру мәселелеріне бағытталатынын түсіндірді.

- Яғни, қазір 39 инвестициялық паспорт бар, соған сәйкес өндіріске салынған инвестицияның бір бөлігі ішінара өтеледі. Субсидияланған бағыттар қайта қаралды және тиімсіз паспорттар оңтайландырылды. Мысалы, жайылымдарға су жеткізу үшін құдық жасауға бөлінген субсидия мөлшері 80% -дан 25% -ға дейін төмендетіледі. Элеватор төлқұжаты алынып тасталады, өйткені сақтау орындарының мүмкіндігі жеткілікті. Сондай-ақ, ет өндіретін зауыттар мен сүт фермаларын салуға тыйым салу мәселесі талқыланады, өйткені қайта өңдеу қуаттылығы жеткілікті және қоланыстағы зауыттар тек 40% қуатта жұмыс істеп тұр, - деді Сапархан Омаров.

Осылайша, инвестициялық паспорттарды оңтайландыруға байланысты үнемделген шамамен 20 миллиард теңге ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын жаңарту, ет-құс фабрикалары, бау-бақшалар, жылыжайлар, жемістер мен көкөністерді сақтау инфрақұрылымы сияқты басым бағыттарға қайта бөлінетіні атап өтілді.

- Сонымен қатар, "өндіріс - өңдеу - сату" тізбегін құру керек, ол үшін нарықта кездесетін контрафактілік өнімдермен күресу керек, бұлар ірімшік өнімдері, құс еті, шұжық және тағы басқасы. Яғни, біз тек өндіріске ғана емес, сонымен бірге отандық өнімді сатуға да жағдай жасауымыз керек, - деп сөзін түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии