Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Желтоқсан жылы болады

2019 жылғы желтоқсан айына Қазақстан бойынша консультативтік болжам.

Фото : pixabay.com3 декабря 2019, 15:34

Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жауын-шашын мөлшері ҚР аумағының басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыртүрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

батыста, солтүстік-батыста түнде 3...13 аяздан 8...15 аяз, оңтүстік-батыста 3 аязға, күндіз 2 аяз...3 жылы, оңтүстік-батыста 8 жылыдан 2...10 аязға дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3...8 жылы, кей жерлерде 5 аяздан 5...13 аязға, күндіз 5...15 жылыдан 0...5 жылыға дейін;

республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15 аяздан 0...8 аязға, күндіз 3 аяз...5 жылыдан 2...12 аязға дейін.

Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде болжанады:

оңтүстік-батыс жартысында түнде 10...20 аяз, күндіз 5...10 аяз,

солтүстік-шығыс жартысында түнде 20...35 аяз, күндіз 10...20 аяз.

Ескерту: консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии