Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Атырау облысының тең жартысы жарықсыз қалды

1 желтоқсанда олар электрден, сонымен бірге судан ажыраған, мұнайлы астананың сол жағалауында жарық жоқ, ал 2 және 3 желтоқсанда оң жағалауда да жарық сөндіріле бастады.

Фото : Ашық дерекөздерден алынды3 декабря 2019, 17:04

Атырау облысында электр қуатының тапшылығы сезілуде. Екі күннен бері бұл өңірдің жартысына жуығы, соның ішінде облыс орталығы, аудандар, өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандар жарықсыз отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

"Бүгін қаладағы жеті балабақша жарық пен жылудың болмауына байланысты балаларды қабылдамады. 1 желтоқсанда олар электрден, сонымен бірге судан ажыраған, мұнайлы астананың сол жағалауында жарық жоқ, ал 2 және 3 желтоқсанда оң жағалау да жарық сөндіріле бастады. Жергілікті билік, әзірге қанша үйлер мен нысандар электр жарығынсыз қалғанын айтпай отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылғандай, жылу электр станциясындағы апат және "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің энергиямен қамсыздандыру деңгейінің төмендеуі себеп, осыған байланысты бұл аймақ шамамен 55 мегаватт жоғалтты", - дейді телеарна тілшісі.

Константин Черохаев, "KEGOC" АҚ-тың батыс филиалының директоры:

- Желідегі электр тапшылығы автоматты іске қосты, 2 желтоқсанда тағы бір бөлік автоматты түрде жарықсыз қалды. Өңірдегі электр тапшылығы мәселесі осы күнге дейін шешілмеген. 1 энергоблок - олар оны жөндеуден тез алып шығып, пайдалануға берді. Сондықтан бүгінгі таңда Атырау облысында барлық шектеулер алынып тасталды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии