Лента новостей
0

Гендерлік саясаттың маңызы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.12.2019 23:24 Фото: zakon.kz

Гендерлік саясаттың маңызы

 

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат - шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат - мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

 Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп жүр. Ал гендер дегеніміз не? Гендер дегеніміз - ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын,олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы. «GENDER» - сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс -еркек,әйел дегенді білдіреді. Ал, гендерлік саясат -қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы,әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істеді.Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады.Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін,оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттіліг туындап отыр.Ол әлемнің көптеген елдерінде зертеліп,нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда. Қазақстан Республикасындағы 2030- жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016- жылғы 6 желтоқсандағы № 384 жарлығы бойынша бекітілген. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясына (бұдан әрі - Стратегия-2050) сәйкес еліміз Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада көрініс тапқан жеделдетіп жаңғырту мен индустрияландыруға бағыт алды. Қазақстан бес стратегиялық бағытты іске асыру үшін 15-50 жылдық «мүмкіндіктер терезесін» пайдалануға ниетті, олар: адами капиталды дамыту, институционалдық ортаны жетілдіру, ғылымды қажет ететін экономиканы құру, заманауи инфрақұрылымдарды қалыптастыру және халықаралық интеграцияны тереңдету. 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі - Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді.

 Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы үшінші және төртінші мерзімді баяндамалардың қорытындылары бойынша БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді.Гендерлік теңдік стратегиясында шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау үдерістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің қатысуының жалпы көрінісі төмендегідей. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамында 22 әйел бар. Бұл депутаттардың жалпы санының 15% құрайды. 3 әйел облыс әкімдерінің орынбасарлары, 5 нәзік жан аудандарды басқарады. Аудан басшылары орынбасарларының 18% ауылдық және селолық округтер әкімдерінің 12% әйелдер. Биліктің ең жоғарғы лауазымының құрамында 2 әйел министр, 4 жауапты хатшы, 6 вице-министр әйелдер өз қызметін атқаруда. Атап өткен көрсеткіш жалпы дүниежүзілік орта стандартарға сәйкес, дегенмен біз 2016 жылғы жоспарлы мерзімде саяси аренадағы әйелдер үлесінің 35% кем болмауын назарда ұстаймыз.

Әйел міндеті—шағын мемлекет құру, еркек міндеті—үлкен мемлекет құру.

 

 

Ақтөбе облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының

бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы А.А.Суеуова

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: