Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Дариға Назарбаева әріптестерін мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады

Дариға Назарбаева: Бізге жұмысымыз туралы, халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатын оң қадамдар туралы байсалды, іскерлік әңгіме қажет. Бұл уақыт талабы.

Фото : Ж.Құспанов6 декабря 2019, 14:13

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы мемлекеттік басқарудағы азаматтар мен олардың проблемаларына ең жақын аса маңызды буын ретінде жергілікті өкілді билік органдарының мән-мағынасын атап өтті.

"Бүгінгі конференция - атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға, мәслихат қызметінің перспективалары мен проблемалары туралы айтуға жақсы себеп. Бізге жұмысымыз туралы, халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатын оң қадамдар туралы байсалды, іскерлік әңгіме қажет. Бұл уақыт талабы", - деді ол.

Дариға Назарбаева қазіргі кезде аумақтарды дамыту басымдықтарын айқындауға қатысу аймақтардағы мәслихаттардың жұмысында негізгі басымдық болып табылады, ол бірінші кезекте, тірек және іргелес ауылдық елді мекендердің тізбесін қалыптастыруға және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын талқылауға қатысты деп санайды.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау – мәслихат депутаттары үшін екінші басымдық болып отыр.

"Менің аймақтарға іс-сапарларым, депутаттармен қарым-қатынас барысы республикалық бюджет, заңнамалық жұмыстар бойынша сіздерде үлкен потенциал бар екенін көрсетті. Әріптестер бюджетті жоспарлау процедураларын өзгерту, оған депутаттардың белсенді қатысуы, аймақтық тексеру комиссияларын бюджет жұмысына тарту мәселелерін негізді түрде көтеріп келеді. Бұл осы мәселелерге қатысты біздің көзқарасымыз бір екенін білдіреді және ары қарай қай бағытта жүретінімізді осыдан түсінуге болады", - деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Сенат басшысы сонымен қатар келесі жылдан бастап облыстарды дамыту стратегиялары бойынша, Сенатта мәслихат депутаттары мен үкімет өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдаулар өткізу тәжірибесін енгізу ниеті туралы да айтты.

Дариға Назарбаева сөзінің соңында әріптестерін мерейтой күнімен құттықтады:

"Құрметті конференцияға қатысушылар! Мен баршаңызды Қазақстан Республикасы мәслихатының 25 жылдығымен тағы да құттықтаймын, еліміздің игілігі үшін табысты, жемісті қызмет тілеймін. Халық жақсылыққа бастайтын оң өзгерістер күтеді. Ертең емес, дәл қазір. Біз бұл үміттерге лайық болуымыз керек".

Конференцияға Парламент Сенатының депутаттары, Үкімет мүшелері, еліміздің барлық өңірлерінен облыстар, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары мен хатшылары қатысты.

Шара соңында мәслихат депутаттары құрмет грамоталарымен және "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии