Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің  95 жылдық торқалы тойы өтті

Бұл мерейтой редакция ұжымының ғана емес, тұтас Түркістан облысы халқының ортақ мерекесі.

Фото : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі6 декабря 2019, 16:53

Ұлт руханиятына, қазақ журналистикасына үлкен үлес қосып келе жатқан "Оңтүстік Қазақстан" газетіне биыл - 95 жыл. Осыған орай, Түркістан төрінде салтанатты шара өтті. Мерейтойда "Оңтүстік Қазақстан" газетінің редакция ұжымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты, ҚР Парламенті Сенатының бірнеше депутаттарының, ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің құттықтау жеделхаттары тапсырылды.

Жиындағы алғашқы құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа берілді.

— Бұл мерейтой редакция ұжымының ғана емес, тұтас Түркістан облысы халқының ортақ мерекесі. Өйткені, "Оңтүстік Қазақстан" – қарашаңырақ басылым. Оның тарихы ұлт қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов негізін қалаған "Ақ жол" газетінен бастау алады. Бұл газетте Ә.Бекейханов, Х.Досмұаммедов, М.Дулатов, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, М.Әуезов секілді ұлт жанашырларының қаламының ізі қалған. Сондай-ақ, О.Жандосов, О.Исаев, Б.Кенжебаев сынды көрнекті тұлғалар редакторлық қызмет атқарған. "Оңтүстік Қазақстан" – өзіндік мектебі қалыптасқан іргелі басылым. Ол - ұлт журналистикасының шеберханасы. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар осында қызмет етіп, түлеп ұшты, – деген Сәкен Амангелдіұлы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хатын оқып берді.

Мұнан кейін Түркістан облыстық мәслихатының атынан депутат Саттар Қуашбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай құттықтау сөз сөйледі.

Айтулы мерекеде газеттің ардагері Сәділ Кадеевке Қазақстанның Құрметті журналисі атағы берілді. Сонымен қатар редакция қызметкерлері мен ардагерлері және тұрақты авторлар мен белсенді оқырмандар облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен, басқа да мемлекеттік органдардың, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиында Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, белгілі әншілер Мақсат Айтжанов, Құралай Сәтмұхаметова, Майгүл Тұрыскелдиева және басқа да өнерпаздар әннен шашу шашып, өнерін ортаға салды. Салтанатты шара 9 жастағы талантты әнші Сағын Өмірбайдың орындауындағы "Мен қазақпын" әнімен қорытындыланды.

Газеттің мерейін асырған салтанатты шарадан кейін өзге облыстардан арнайы келген БАҚ өкілдері өзара пікір алмасқан "Өңірлік БАҚ: проблемалары мен перспективалары" тақырыбында форум өтті.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии