Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда айыппұлы бар жүргізушілерді "аулау" басталды

Айыппұлдарын төлемеген жүргізушілердің көлік құралдары тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылады.

Фото : kolesa.kz6 декабря 2019, 17:01

6 желтоқсаннан бастап Алматыда көлік жүргізушілеріне салынған әкімшілік айыппұлдардың өндірілу тиімділігін арттыруға бағытталған "Борышкер" арнайы шұғыл шарасы басталды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қатардағы қызметтердің жеке құрамы мен бөлімшелері прокуратура органдары қызметкерлерімен, сондай-ақ сот орындаушыларымен бірлесіп, "ПОТОК-М" мобильді кешендерінің көмегімен айыппұлын төлемеген жүргізушілерді анықтайды. Айыппұлдарын төлемеген жүргізушілердің көлік құралдары тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылады. Көлік құралдары иесіне салынған айыппұлдары толық төленген соң қайтарылады. Алматы қаласының Полиция департаменті көлік иелерін айыппұлдарын уақытында төлеуге шақырады" - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии