Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жамбыл облысы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде алдынғы қатарда

Сол секілді, суармаларды жерлерді арттыру үшін өткен жылы өңірде арнайы мехотряд құрылып, оған қажетті 46 техника сатып алынған.

Фото : zakon.kz6 декабря 2019, 17:18

Жамбыл облысы өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімінің өсу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аймақ басшысы Асқар Мырзахметов осылай деді.

Облыс тұрғындарының әл-ауқаты агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейімен тығыз байланысты екендігін жеткізген өңір басшысы аймақтағы халықтың 60 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратының тілге тиек етті. Өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада бірінші орындамыз.

- Өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада бірінші орындамыз. Бұл орайда облыс көрсеткіші 104,4 пайызды құраса, республика бойынша ол 99,8 пайызға белгіленген. Атап айтып өту керек, ағымдағы жылы егістік алқабы 18 мың гектарға ұлғайып, 687 мың гектарға жетті. Оның 352,4 мың гектары дәнді дақылдар, 182 мың гектары суармалы жерлер. Озық технологияларды енгізу арқылы үдемелі бақ 40 пайызға ұлғайып, 1029 гектарға жетіп отыр, - деді Асқар Мырзахметов.

Сол секілді, суармаларды жерлерді арттыру үшін өткен жылы өңірде арнайы мехотряд құрылып, оған қажетті 46 техника сатып алынған. Бүгінде аталған құрылымның күшімен 93 шақырымдық арналар тазартылып, 6,2 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліпті. Оның бір ғана мысалы ретінде Мойынқұм ауданындағы тоғыз мың халқы бар алты елді мекендегі жиырма жылдан аса пайдаланылмаған 70 шақырымдық арна тазаланып, 1,2 мың гектар жер пайдалануға берілгендігі айтылды.

- Кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқап көлемі 992 мың гектар болса, оның 214 мың гектары айналымнан шығып қалған болатын. Жүйелі жұмыстар мен қабылданған тиімді шаралардың нәтижесінде ол жерлердің 174 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды,-деді спикер өз сөзінде.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі қант қызылшасы 135 мың тоннаға жетіп, жеті пайызға артқан. Осы орайда қант өндірісін дамыту үшін облыс аумағында "Qyzylsha" ЖШС-і жылдық қуаттылығы 148 мың тонна, құны 85 миллиард теңгені құрайтын заманауи қант зауытының құрылысы басталған. Сондай-ақ, Нидерландтық инвесторлардың қатысуымен "K-АГРО" холдингімен фри картопты кешенді өндіру зауытын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірдегі ет экспортының өсімі де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде. Атап айтсақ, өткен жылы республика бойынша экспортталған қой етінің 43 пайызы яғни 1,6 мың тоннасы облысқа тиесілі болса, биыл бұл меже бұдан да арта түседі деп күтілуде екен. Ет экспортының артуына байланысты аймақта арпа егістік алқабы 27 мың гектарға ұлғайған.
Сондай-ақ, брифингте өңірдегі табиғатты қорғау бағытындағы баянды бастамалар да жан-жақты айтылды.

Аймақ басшысы ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы "Қордай-Жайсан", "Жуалы-Қарашат" атты екі мемлекеттік табиғи қаумал құрылғаның айтып, қазіргі таңда "Меркі" мемлекеттік өңірлік паркін және

"Сұлутөр-Ботамойнақ" ерекше қорғалатын табиғи аумағын құру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Ол ғана емес, облыстық арнайы декларация қабылданып, оған облыс әкімінен бастап, басшылық қызметтегі барлығы 7200-ден астам мемлекеттік қызметкер толық қол қойған. Бүгінге дейін браконьерлермен күресті күшейту үшін арнайы "Сапсан" жедел тобы жасақталып, табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандарға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, өндірілген.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии