Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Талдықорған тұрғыны жоғалып кеткен жасөспірімді табуға көмектесті

Қаратал ауданда 8-сынып оқитын бала түсте белгісіз бағытта шығып, үйіне оралмаған.

Фото : people.onliner.by12 декабря 2019, 08:44

Талдықорған қаласының тұрғыны өзінің мұқияттылығы мен кездейсоқ жайттарға бей-жақ қарамайтындығының арқасында полицияға іздеу жарияланған баланы аман-есен табуға көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаратал ауданының полициясына Үштөбе қаласының тұрғыны хабарласып, жергілікті мектептердің бірінде 8-сынып оқитын ұлының түсте белгісіз бағытта шығып, үйіне оралмағанын айтқан. Аудандық және облыстық тәртіп сақшылары жасөспірімнің мекенжайын анықтауға бағытталған кең ауқымды жедел шараларды қабылдаған.

"Бүгін іздеу жарияланған жасөспірімді көпқабатты үйдің подъездінен көрген жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде көрсетілген нөмірге және полицияға хабарлаған. Бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды. Жасөспірімді іздеп табуға және оның ата-анасы келгенше балаға қолдау көрсеткен қала тұрғынына полиция тарапынан алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

14 жастағы баланың үйінен кетіп қалуына отбасы мүшелерінің арасындағы түсінбеушілік себеп болған. Сабақ үлгерімі жақсы жасөспірім бұған дейін мұндай оғаш қылық көрсетпеген. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары 2019 жылы белгісіз бағытта кетіп, іздеу жарияланған жасөспірімдердің 139-ын тауып, жақындарына аман есен табыстаған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии