Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақтың түрмелерінде Монғолияның бес азаматы отыр

Қазақстанның Моңғолияда жазасын өтеп жатқан азаматтары жоқ.

Фото : Ж.Құспанов12 декабря 2019, 16:48

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Келісім Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қылмыстық құқықтық қатынастардағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Шартқа сәйкес сотталған адамның жазбаша келісімімен әрі егер беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген болса және сотталған адамның өтеуіне жататын уақыт кезеңі кемінде бір жылды құраса, сотталған адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында одан әрі өтеу үшін берілуі мүмкін.

Сенатор А.Лукин осындай халықаралық құқықтық құралдардың болуы, әрине, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сотталған отандастарымыздың бұдан былайғы тағдырын жеңілдететінін, оларды өзге елдің түзеу мекемелерінде ұстау олардың туыстарымен және жақындарымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіретінін, сондай-ақ тілдік тұрғыда кедергілерге тап болатынын жеткізді.

Деректер бойынша Монғолияның бес азаматы Қазақстанда жазасын өтеп жатыр. Қазақстанның Моңғолияда жазасын өтеп жатқан азаматтары жоқ.

Қазақстан бүгінгі таңда 21 елмен осындай шарттар жасады, олардың ішінде Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы басқа елдер бар.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии