Горячие новости
Читайте также

Волейболшы Сәбина Алтынбекованы араб шейхтері шақырып алды

Сәбина Араб Әмірлігіндегі бай әулеттің клубында ойнап, өз ойынымен шейхтерді қуантпақ.

Фото : facebook.com23 декабря 2019, 17:02

Кезінде Қазақстанның ең әдемі волейболшысы атанған Сәбина Алтынбекова БАӘ еліне аттанып кетті, деп хабарлайды zakon.kz Total.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбина Алтынбекова енді Араб лигасының чемпионы "Аль-Васл" (Дубай) құрамында ойнайтын болды.

Дубайлық клубтың футбол, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика, жүзу, үлкен және үстел теннисінен командалары бар.

Спорттық клуб Дубай штатының билеуші әулеті Аль-Мактумның ақшасына өмір сүреді. Сәбина Алтынбекова өз парақшасында Әмірліктің ханшайымымен бірге түскен суретін жүктеді.

Айтпақшы, Аль-Мактум әулеті – Таяу Шығыстағы ең бай әулеттердің бірі саналады. "Форбс" журналының есебінше, бұл отбасының ең мол ақшалы мүшесі – Дубай әмірлігі тағының мұрагері шейх Хамдан, оның есеп-шоттарында 18 миллиард доллары бар.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии