Доклад Министра юстиции РК на тему: «Дальнейшее развитие института частных судебных исполнителей в рамках реализации 27 шага Плана Нации» 100 конкретных шагов» (г. Нур-Султан, 23 декабря 2019 года) (©Paragraph 2020 / 5.0.6.8)

Доклад Министра юстиции РК на тему:
«Дальнейшее развитие института частных судебных исполнителей в рамках реализации 27 шага Плана Нации «100 конкретных шагов»
(г. Нур-Султан, 23 декабря 2019 года)

 

 

Құрметті Владимир Карпович!

Құрметті депутаттар!

 

Сот актілерін орындау қызметін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар және осы институтты одан әрі дамыту туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Үш миллионнан астам азаматтарымыз немесе еліміздің алтыдан бір бөлігі жыл сайын мәжбүрлеп орындатуға міндеттеледі.

Бұл атқарушылық іс жүргізу саласының нақты ауқымы.

Сондықтан оны одан әрі дамыту азаматтардың мүдделерін есепке алу тұрғысынан жүзеге асырылып келеді.

Бұл институттың бизнес үшін де маңызы зор.

Өндіріп алушының талаптарын борышкердің құқықтарын кемітпей қанағаттандыру, уақыт шығындарын қысқарту, халыққа ыңғайлы ету және цифрландыру атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру жолындағы басты мақсаттар болды.

Олар кездейсоқ таңдалған жоқ.

Себебін анықтау үшін бес жыл бұрын болған жағдайды қарайық.

Ол уақытта проблемалар көп болды. Мысалы:

- атқару парағының жоғалып кетуі;

- балаларды қамтамасыз етуді қоса алғанда, берешекті өндіру төмен деңгейде болды;

- мәжбүрлеу шараларын уақтылы қабылдамау және берешек жабылғаннан кейін оларды шешпеу;

- сот орындаушы тарапынан өз жұмысына қызығушылық танытпау;

- борышкердің мүліктік жағдайын тез анықтау мүмкіндігінің жоқтығы;

- тараптарда іс жүргізу барысы туралы ақпараттың жоқтығы;

- және тағы басқалар.

 

Первым этапом решения наболевших вопросов стал переход на систему частного исполнения.

Это позволило немного смягчить ситуацию.

Например, был частично решен вопрос заинтересованности судебного исполнителя в исходе дела.

Однако, другие проблемы, более насущные, еще оставались.

Второй этап в рамках 27-шага Плана нации дал новый импульс к дальнейшему развитию института судебного исполнения.

Что в результате сделано?

С начала 2016 года частным судебным исполнителям переданы полномочия по исполнению всех документов, за исключением тех, которые затрагивают интересы государства в значительной сумме.

Ими занимаются государственные судоисполнители.

Вследствие избытка численности ГСИ проведена их оптимизация, в результате которой проведено сокращение в 4 раза (с 1245 до 303).

Численность ЧСИ удалось увеличить в 3 раза до 2 200 единиц.

Это позволило бюджету Республики сэкономить порядка 1,4 млрд. тенге ежегодно.

Значительный блок вопросов удалось разрешить через автоматизацию исполнительного производства.

Для этого создана Автоматизированная информационная система органов исполнительного производства.

В 2017 году эта система передана в доверительное управление в Республиканскую палату ЧСИ.

Как показала практика, такое решение было оправданным.

В первую очередь, удалось сэкономить выделяемые ежегодно на сопровождение бюджетные средства (около 90 млн.тенге).

Создание на базе АИС ОИП платных функционалов позволило системе приносить доход, который направляется на погашение затрат по ее созданию, сопровождению и модернизации.

В дальнейшем после возмещения затрат, излишние доходы будут поступать в бюджет государства.

 

Автоматтандырудың тағы бір артықшылығы - енді сот орындаушы өзінің жеке виртуалды кабинеті арқылы барлық атқарушылық әрекеттерді жасай алады.

Бұл мемлекеттік органдардың 58 ақпараттық жүйелерімен біріктіру нәтижесінде мүмкін болды.

Мысалы:

- Бас прокуратураның - «Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі»;

- Жоғарғы Соттың - «Төрелік» жүйесі;

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің - «Бүркіт» жүйесі;

- Ішкі істер министрлігінің - «Бақылау» жүйесі;

- Қаржы министрлігінің - «Электрондық мемлекеттік сатып алу» жүйесі;

- Цифрлық даму министрлігінің - «Е-gov» порталы және тағы басқалар.

Сонымен қатар, бірқатар екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен біріктіру жүргізілді (жиырма жеті банктен он төрт банк).

Халыққа ыңғайлы болуы үшін жүйеде «Қазпошта» және «Kaspi Bank» терминалдары арқылы қарыз төлеу мүмкіндігі ұсынылды.

Елімізде екі жүзден астам терминал орнатылды.

Аталған қызметті шамамен 100 миллион теңге сомасына төрт мыңнан астам борышкер пайдаланды.

Бұған қоса, берешекті post.kz және kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Бүгінде 69000 борышкер бір миллиард теңгеден астам сомадағы қарызын осы қосымшалар арқылы төлеген.

Халыққа бұл ыңғайлы және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Барлық банктерді осындай қызметтерді ұйымдастыруға шақырамын.

Келешекте азаматтарға бұрынғыдай сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды.

Төлемді онлайн жүзеге асырғаннан кейін барлық шектеулер, соның ішінде елден сыртқа шығуға шектеу автоматты түрде шешіледі.

Халыққа, борышкерлердің бірыңғай тізіміне және шығуға шектеу тізіміне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Өзара байланыс үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті жұмыс істейді.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды олардың міндеттемелері туралы уақытылы әрі тиімді хабарландыру үшін «СМС-хабарлама» сервисі құрылды.

Енді мобильді телефон нөмерлеріне істі қозғау және процессуалдық әрекеттер туралы СМС-тер келіп түседі.

Демек, хабарламаны уақытылы алып тұру үшін нөмірлер мен мобильді телефонның тіркеуден өтуі қажет екенін ескерген жөн.

Бұған қоса, бүгін сатылуда тұрған тыйым салынған мүлік туралы мәлімет тек электронды сату алаңында ғана емес, мүлік сатуға арналған интернет-ресурстарда орналастырылады.

Бұл сатып алушылар санын көбейтеді.

 

В результате проделанной работы улучшилась позиция Казахстана в рейтинге «Doing Business».

По индикатору «Исполнение контрактов» Казахстан улучшил позицию на 2 пункта и поднялся с 6 на 4 место.

Особое внимание Министерство уделяет взысканию алиментов.

Половину из общего числа поступивших жалоб составляет именно эта категория дел.

Для решения проблемы, Министерством утвержден и реализуется План мероприятий «30 шагов по созданию эффективной системы взыскания алиментов».

В данном направлении осуществляется взаимодействие с местными исполнительными органами путем заключения и реализации трехсторонних меморандумов между Министерством, акимами и Республиканской палатой о взаимном сотрудничестве по вопросам взыскания алиментов.

Меморандумом и планом по его реализации, в числе прочих аспектов, охвачены вопросы трудоустройства должников.

Так, в рамках проведенной работы трудоустроено 816 должников.

Снизились проблемные алименты с 25 тысяч до 14 тысяч.

Одним из дополнительных механизмов улучшения ситуации в этом вопросе будет создание отдельного фонда.

21 ноября т.г. состоялся внеочередной Съезд частных судебных исполнителей.

На нем были рассмотрены вопросы повышения эффективности исполнения судебных актов, включая проблемы взыскания алиментов.

По итогам Съезда принято решение о создании Социального фонда.

Основная цель фонда - оказание помощи гражданам, являющимся сторонами исполнительного производства и находящимся в затруднительном социальном и финансовом положении.

Бюджет Фонда будет формироваться членами Республиканской палаты за счет членских взносов и добровольных пожертвований.

Поэтому, средства Фонда лимитированы.

Работа Фонда будет контролироваться Попечительским советом Палаты.

В целях обеспечения предоставления качественных услуг населению частными судебными исполнителями, внедрен их рейтинг.

Теперь граждане могут выбрать наиболее опытного и квалифицированного судебного исполнителя на сайте Министерства.

Планируется обеспечить судебных исполнителей специализироваными планшетами для составления описи имущества, актов и постановлений, фото-видео фиксации исполнительских действий, а также видео-жетонами для съёмки процессуальных действий.

 

Атқарушылық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары бастама жасаған Заң жобасының аясында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамаға түзетулер әзірленді.

Заң жобасының мақсаты жеке сот орындаушыларының жұмыс тиімділігін арттыру.

Осы тұста Сіздерге заң жобасы аясындағы бірлескен жұмыс үшін және қолдауларыңызға алғысымды білдіремін.

Құрметті депутаттар, қорытындылай келе, сот орындаушылар институтын дамыту жұмыстары әрі қарай жалғасады.

Бүгінгі талқылау қорытындысы бойынша Сіздердің ұсыныстарыңыз пысықталады және олар бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады.

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет!

24 декабря 2019, 13:19
Источник, интернет-ресурс: Бекетаев М.Б.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript