Горячие новости
Читайте также

Дәрігерлер апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышының жағдайын айтты

Ұшқыш ауруханаға жабық ми жарақатымен түсті.

Фото : Sputnik / Виталий Аньков27 декабря 2019, 17:22

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының жағдайы белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

54 жастағы Миржан Мулдахунов № 4 ауруханаға жеткізілді. Ұшқыш ауруханаға жабық ми жарақатымен түсті. Миы шайқалған, сол жақ беті мен шүйде тұсы жыртылған. Кеуде тұсы ауыр соққы алған. Ал әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды.

"Таңнан бері жедел жәрдем біздің ауруханаға 19 адам жеткізді. Олардың 11-інің жағдайы өте ауыр болғандықтан, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда 6 пациентке шұғыл ота жасалды. 8 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 2 адам, өкінішке қарай, қайтыс болды. Басқаларының өмірі үшін күресіп жатырмыз", – деді № 4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова.

Оның айтуынша, емханада арнайы штаб құрылды. Пациенттердің туыстарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии