Горячие новости
Читайте также

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі жаңадан тағайындалды

Азамат Батырқожа 2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Фото : primeminister.kz30 декабря 2019, 11:28

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары —ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ президенті.

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии