Горячие новости
Читайте также

Ең басты мақсат – халықтың сенімінен шығу!

Мемлекеттік қызметшілердің рухани жан дүниесін байытумен қатар, тән саулығына да мән беріп келеді.

Фото : zakon.kz31 декабря 2019, 12:12

Халқымыздың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов: "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген екен. Қазіргі таңда елімізді әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосу жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта стратегиялық жоспарлар құрылып, кешенді реформалар жүргізілуде.

Осы орайда 5 институционалдық реформадан тұратын Ұлт жоспарының алғашқы бағытының кәсіби мемлекеттік аппаратқа арналуы тегін емес. Көзделген жоспарға жету жолында бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Мәселен, Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі қабылданды. Мемлекеттік қызмет жүйесінде әдеп жөніндегі өкілетті уәкілдер институты құрылды. Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде.

Дана халқымызда "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген нақыл бар. Осы тәмсілге сүйене отырып, антына адал, халыққа қалтқысыз қызмет көрсететін, кез келген істі ақылмен шешетін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби корпусын қалай қалыптастырған жөн деген сұрақ туындайды. Біздіңше, мұның жауабын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласынан табуға болады. Осы бағдарламалық құжатта еліміздің тұңғыш Президенті:

"Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға¬ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр¬ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ¬стан¬дық¬¬тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек", - деген болатын.

Қоғам мүддесі үшін қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер үшін Елбасының осынау сөзі темірқазық іспетті. Шын мәнісінде, мемлекеттік басқару аппаратында меритократия, ұлттық код және сананың ашықтығы қағидатын ұстанудың маңызы зор.
Меритократия термині латынның meritus "лайықты", көне гректің κράτος "билік, басқару" деген сөздерінен құралған. Мәніне келер болсақ, басшылық лауазымдарды әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына қарамастан неғұрлым қабілетті адамдардың иеленуін білдіретін принцип. Дәл осы қағидат еліміздің мемлекеттік қызметінде, соның ішінде сот жүйесінде кеңінен қолданылып келеді. Сот қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және оларды басшылық лауазымдарға тағайындауда білімі мен біліктілігіне, жұмыс тәжірибесіне, іскерлік, адамгершілік болмысына қатаң талаптар қойылады.

ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айта келе, Елбасы: "Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды", - деп орынды атап өткен.

Жоғарғы Сотта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жыл бойына ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді насихаттауға, мемлекеттік қызметшілердің бойында ұлттық сана-сезім мен отаншылдық рухты қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді. Мәселен, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кезінде ұлттық ән-күйлеріміз шырқалып, салт-дәстүрімізден сыр шертетін қойылым ұйымдастырылады. Мұндай салтанатты шаралар, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен концерттер Қазақстан халқының бірлігі күні, Елорда күні, Конституция күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні де өткізіледі. Осы шараларда лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарған, сот жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлер ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталып, басшылық пен ұжымдастарының алғысына бөленеді.

Ақын-жазушыларымыздың жыр-дастандары – ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің мәйегі. 2019 жылы Жоғарғы Сот қызметкерлері шығармашыл жандармен, атап айтқанда, ақын-жазушылармен кездесулер өткізді. Жыр мүшәйраларында ақындардың жырымен сусындап, ұлттық рухымызды шыңдап, тағылымды әңгіме тыңдап, рухани демалу да бір ғажап.

Тарихты тану, ата-баба рухына тағзым ету мақсатында Жоғарғы Сот қызметкерлері 2019 жылдың мамыр айында "АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешеніне барды. Экскурсияға қатысушылар Елбасының бастамасымен құрылған кешеннің сәулет-дизайнымен танысты. Музей қызметкерлерінің осы түрмеге әйелдердің қалай тап болғаны, олардың түрмелерде ауыр тұрмыстық жағдайларда қалай тұрғаны туралы айтқан әңгімелері келушілерді тебірентпей қойған жоқ. Мұнда тұтқын әйелдердің сол кезеңдегі балалар үйлеріндегі ауыр жағдайдан ғайыптың күшімен аман қалған балаларының әңгімелері жеке тарау ретінде ұсынылған. Музей қызметкерлері лагерьде отырған бұрынғы тұтқын әйелдердің қарулы сақшылардың алдында қорқынышты күй кешкендері, тұтқындар ұрпақтарының сол бір азапты жылдарда аман қалуы үшін қол ұшын созған қазақстандықтарға деген алғысын әңгімелеп берді.

Мемлекеттік қызметшілердің рухани жан дүниесін байытумен қатар, тән саулығына да мән беріп келеді. Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануда белсенділік танытуда. Жоғарғы Сот басшылығының қолдауымен сот қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта спорттық іс-шараларға ұжымдасып қатысуда. Мәселен, көктем, жаз, күз мезгілінде жүгіру, скандинавиялық жүру, велосипед тебу, футбол, баскетбол, волейбол, ал қыстың күндері конькимен жүгіру, шаңғы тебу сот қызметкерлері серік еткен сүйікті спорт түрлеріне жатады.

Сот қызметкерлері арасында белгілі сарапшылардың қатысуымен жеке даму, мотивация, көшбасшылық, тайм менеджмент, коммуникация тақырыптарында шеберлік сыныптары, зияткерлік, шығармашылық сайыстар да жиі өткізіліп тұрады. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде қызметкерлер арасында ұжымдық рух пен сыйластық атмосферасы нығайып, стреске төзімділік пен жұмыс өнімділігі артып келеді. Нәтижесінде соттарда ашылған фронт офистерде, татуласу орталықтарында сот қызметкерлері келген адамдарға кеңес беріп, оларға кәсіби тұрғыда қызмет көрсетуде.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атқа лайық болу жолында сот қызметкерлері тынымсыз еңбек етуде. Мұндағы ең басты мақсат – халықтың сенімінен шығу!

Айгүл Хасенова,
Жоғарғы Сот Аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии