Горячие новости
Читайте также

Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормалары

Қоғам - мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсайды.

Фото : zakon.kz31 декабря 2019, 12:16

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам - мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Өздеріңіз білетіндей 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығын әзірлеп бекітті.

Себебі бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Біз күнделікті өмірде әдепті мінез құлықты сақтауымыз қажет.

Өздеріңіз білетіндей 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығын әзірлеп бекітті.

Аталған нұсқаулықта мемлекеттік қызметшінің құзыреттері көрсетілген:

- Қызметті басқару – шектелген уақыт ішінде қажетті ақпаратты дайындау үшін өзіне талап қоя білу;

- Ыңтымақтастық – әріптестер мен мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыта білу, тапсырманы орындау мақсатында пікір алмасу;

- Шешім қабылдау – өзінше шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат таба білу;

- Жеделділік – өзгермелі жағдайда жылдам бейімделу, жұмысты жақсарту бойынша шара қабылдау;

- Өздігінен даму – өзін-өзі дамытуға талпыну, жаңа ақпарат іздеу;

- Қызметті тұтынушыға бағдарлау – сапалы қызметтерді көрсету үшін жұмыс ұйымдастыру және халыққа көмек көрсету;

- Қызметті тұтынушыға хабарлау – тұтынушыға қолжетімді түрде ақпаратты жеткізу;

- Парасаттылық – әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану;

- Жауапкершілік – өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу;

- Бастамашылдық – жаңа идеяларды әзірлеу және ұсыну, негізгі міндеттерден басқа жұмыстарды орындау;

- Стреске төзімділік – сынға сабырлық таныту, егер ол негізделген болса, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

Азаматтармен өзара қарым-қатынас мемлекеттің апараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Оларға қызмет көрсеткен кезде – адалдық, ашықтық, әділдік қағидаларын басшылыққа алып қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну керек.

Азаматтармен қарым-қатынас жасаған кезде біз:
- Өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде баяндау;
- Сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау;
- Толық консультация беру және болу мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру;
- Жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау.

Осындай қарым-қатынас болған жағдайда ғана мемлекеттік қызметші туралы оң пікір қалыптасады.

Айгүл Хасенова,
Жоғарғы Сот Аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии