Горячие новости
Читайте также

Трамп Иранның 52 нысанын жоюға дайын отырғандарын мәлімдеді

Ол көзделген нысандардың кейбірі Иран және Иран мәдениеті үшін аса маңызды екенін нақтылап өтті.

Фото : delo.ua5 января 2020, 09:42

Тегеран америкалықтарға қарсы бас көтерсе, онда АҚШ Ирандағы 52 нысанды шабуылдауға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.

- Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарға немесе америкалық нысандарды атқылайтын болса, онда біз де қарап қалмаймыз, қазірдің өзінде Ирандағы 52 нысанды нысанаға алып отырмыз (бұл нысандар Иранның көп жыл бұрын тұтқынға алған 52 америкалықты білдіреді), деп жазды Трамп.

Ол көзделген нысандардың кейбірі Иран және Иран мәдениеті үшін аса маңызды екенін нақтылап өтті. Ақ үйдің айтуынша, ол нысандар көзді ашып-жұмғанша жойқын соққыға ұшырап, бір мезетте жоқ болады.

Айта кетсек, 3 қаңтарда Бағдат халықаралық әуежайына зымыранмен шабуыл жасалып, 8 адам көз жұмды. Кейіннен бұл Пентагонның операциясы екені белгілі болды. Нысанға "әл-Хашд аш-Шааби" шиит жасағы алынған. Қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы "әл Кудс" қарулы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани де бар. Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи мұны Тегеранға қарсы соғыс жариялаумен салыстырып, АҚШ-қа кек қайтаруға уәде берді.

4 қаңтарда Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысының міндетін атқарушы Майкл Морелл Иран генералы Кассем Сүлейманидің көзін жою АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларына ғана емес, бейбіт тұрғындарға да қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сол күні Иранның қасиетті Қум қаласындағы Жамакран мешітінің үстінде қызыл ту көтерілді. Бұл кек алу ниетін білдіреді. Осы жағдайдан кейін мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қымбаттады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии