Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жапонның Sony компаниясы автокөлік шығарды

Электрлі Vision-S-ті әзірлеуге BlackBerry, Nvidia, Qualcomm сынды компаниялар атсалысқан.

Фото : kolesa.kz9 января 2020, 09:33

Жаңа көліктің көрсетілімі Лас-Вегастағы CES 2020 жаһандық көрмесі аясында өтті. Мобильді құрылғылар, теледидар, компьютерлік ойындар шығаратын Sony автокөлік ұсынады деп ешкім күтпеген, деп жазады kolesa.kz.

Жапониялықтардың мұндай қадамға не үшін барғанын кейінірек баяндаймыз, ал қазір темір тұлпарға толығырақ тоқталсақ.

Электрлі Sony Vision-S көлемі жағынан Tesla Model 3-ке жақын, дегенмен төрт есікті көліктің сырт келбеті Porsche Taycan мен Lucid Air-ге көбірек ұқсайды.

Машина заманауи, бірақ сүреңсіздеу көрінеді, себебі ешқандай шығармашылық ерекшелігі жоқ. Десе де Vision-S жәй ғана көрмеге арналған зат емес — оның негізінде Magna Steyr-дің модульдік платформасы жатыр. 280 аттың күшін өндіретін электромоторы бар. Максималды жылдамдығы сағатына 240 шақырымды құрайды.

Vision-S интерьері электроникаға толы. Панелі бес экраннан тұратын галерея іспетті. Жолаушыға арналған экран ғаламторға кіріп, кино көруге мүмкіндік береді. Ортаңғы консольдегі тачскрин климатты басқаруға жағдай жасайды және бірқатар көмекші функцияларға ие.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии