Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Хизри Байтазиев: Димаш Игорь Крутойдың қызымен көңіл қосқан деген сыбыс - сұмдық фейк

Димаш Игорь Крутойдың қызымен көңіл қосқан деген сыбыс шыққан.

Фото : Sputnik21 января 2020, 14:23

Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев қазақстандық әнші мен ресейлік композитор арасындағы шығармашылық қатынастың үзілгені туралы тағы бір қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат басылымында 25 жастағы әнші Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутой әріптестігін тоқтататты, оған әншінің ресейлік продюсердің асыранды қызы Викторияға көңіл білдіруі себеп болды деген сыбыс тарауда. Ондағы мәлімет бойынша, Игорь Крутой бұндай байланысқа қарсы екен.

Димаштың 2020 жылғы Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев түрлі бұқаралық ақпарат құралында тараған бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл жай ғана сыбыс емес, бұл сұмдық фейк, - деді Sputnik Қазақстанға Хизри Байтазиев. – Мен бұндай ақпаратты тарату кімге тиімді екенін білмеймін. Осыны ойлап шығарған адамдар ұялсын. Ешкім ешкіммен ешқандай қатынасын үзген жоқ және үзгелі жатқан жоқ. Біз жасайтын жобалар әлі көп", - деп түсіндірді Байтазиев.

Ол Димаштың 2020 жылға жоспарланған концерттері белгіленген уақытында өтетінін де қадап айтты.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии