Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Жапондар жарамайды". Қазақстанда қандай көлікті бастапқы есепке қоюға рұқсат

Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу ережелері бар.

Фото : Mirlan Toktaliev11 февраля 2020, 09:51

Шетелден әкелінетін көліктерге қойылатын басты екі талап – рөлінің сол жақта болуы (ҚР инвестициялар және даму министрінің "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" № 342 бұйрығы).

Еуропалық одақ елдерінде мұндай көліктер 2005 жылдан, АҚШ пен Кореяда – 2006 жылдан, Жапония мен Ресейде – 2010 жылдан, ал Қытайда – 2012 жылдан бастап шығарыла бастады. Бұл ретте автокөліктің шыққан тегі болып құжатта көрсетілген ел танылады. Яғни, АҚШ-та шығарылған Toyota америкалық болып саналады. Және оны Қазақстанға 2006 жылға дейінгі болмаса ғана кіргізуге болады, ал "еуропалық" Toyota-ны бастапқы есепке қоюға 2005 жылдан бұрынғы болмаса рұқсат беріледі, ал жапондық "тойота" – 2010 жылдан үлкен болмауы керек, деп жазады kolesa.kz.

Техникалық регламентке сай, тізімде көрсетілмеген елдерден жеткізілген көлік құралдарын тіркеу келесі тәртіпте жүзеге асады: үш жасқа дейінгі жаңа автокөліктер сертификациядан өтеді. Ал одан ерте шыққандары техникалық төлқұжат пен өндіруші зауыт берген анықтама негізінде Еуро-4 стандартына сәйкестігін дәлелдейді, не болмаса қауіпсіздік жөнінен зертханалық тексерістен өтеді.

Егер автокөлік жаңа болса, шығарылғанына үш жылдан аспаса, оған да арнайы құжат – көлік құралының типін мақұлдау құжатын алу талап етіледі. Оған қоса, бастапқы есепке қою үшін көлік АВS жүйесімен, бүйірлік қауіпсіздік жастықтарымен, балалар орындығын бекітуге арналған ISOFIX бекіту жүйесімен, күндізгі жарық шамдарымен және "ЭВАК" жедел қызметтерді шақыру жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді есепке қою үшін утилизация алымын, сонымен қатар, алғашқы тіркеу алымын төлеу қажеттігін ұмытпаған жөн. Бұл Қазақстанға ұсталған көліктерді кіргізуді жеткілікті дәрежеде қымбат етеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии