Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

АҚШ-тан келген жаңа Corvette: жапондар оған жаппай таласуда

Жапонияда америкалық спорткар сағатына бес автокөлік жылдамдығымен сатылуда.

Фото : carscoops.com11 февраля 2020, 15:41

"АҚШ-тың автокөлігі Жапонияда сатыла ма екен, байқап көрейік" деген ниетпен Жапонияда Corvette C8 автокөлігінің 300 данасына тапсырыс қабылдау ашылғаны сол еді, 60 сағаттың ішінде түгел сатылып кетті, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жапон халқының жағдайы жақсы екен, бұл көліктер Жапонияда өзінің АҚШ-тағы бағасынан екі есе қымбатқа сатылғанына да қарамады. АҚШ-та бұлардың құны 58 900 доллар болса – жапондар үшін ең арзаны 91 мың доллардан бастап, қымбаттарының құны 127 мың долларға дейін жетті.

Жапондар неге америкалық спорткар алуға асықты десеңіз, Corvette өз тарихында тұңғыш рет рөлі оң жағында орналасқан көліктер шығаратын болыпты. Бірақ Жапониядағы көрмеге қойылған көлік сол рөлді екен.

500 аттың қуатын өндіретін Corvette спорткарына Жапонияда тапсырыс бергендердің ішінде 20 жастағы жігіттерден бастап 70 жастағы сэнсэйлер де жүр. Оң рөлді Corvette көліктері Жапонияға 2021 жылдың көктемінде жеткізіле бастайды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии