Горячие новости
Читайте также

15 млрд-тан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Аталған қылмыстық әрекетке мүлікті тәркілей отырып, сегіз жылдан он үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото : zakon.kz13 февраля 2020, 12:25

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "STOP-ОБНАЛ" жедел алдын-алу шарасын өткізу нәтижесінде жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактураларды заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Тергеу амалдары барысында қылмыстық топтың әрекетіне қатысты 5 тұлға анықталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Қаржы мониорингі комитетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

19 мекенжай бойынша жүргізілген тінту шаралары нәтижесінде жүйелік блоктар және "1С Бухгалтерия" бағдарламасы бар қатқыл дискілер, 17 заңды тұлғаның ЭЦҚ-кілттері, "көлеңкелі" бухгалтерия, 20 мөр, ұялы телефондар тәркіленді.

Қылмыстық топтың мүшелері кедергісіз екінші деңгейлі банктерден 150 млн. теңге және одан аса сома көлемінде қаражатты өзіне бағынышты фирмалардың есебінен алып отырды.

17 жалған бір күндік компанияның қылмыстық әрекетінің жалпы айналымы 15 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Нәтижесінде, мемлекетке салық төлемеуден келген залал 3 млрд. теңгеден астам сомаға тең болып шықты.

Аталған қылмыстық әрекетке мүлікті тәркілей отырып, сегіз жылдан он үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии