Горячие новости
Читайте также

Масаншиде өртенген сауда орталығын тазалау кезінде қиранды астынан адам мәйіті табылды

Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото : ҚР ІІМ баспасөз қызметі13 февраля 2020, 14:26

Қордай ауданының Масаншы ауылында өртенген сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қиранды арасынан күйген адам мәйіті табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

"2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масаншы ауылында сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыры құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан күйген адам денесі табылды. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр" делінген жазбада.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии