Горячие новости
Читайте также

Халық санағын өткізуге қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

2020 жылы халық санағын өткізу үшін адам басына шаққандағы шығын 1,2 АҚШ долларын құрайды.

Фото : Ашық дерекөздерден алынды13 февраля 2020, 15:23

2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық пен оны өткізу үшін 8,2 млрд теңге сомасында қаржы қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Айта кетсек, 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының бюджеті 6,5 млрд теңгені құрады. 2009 жылғы халық санағын өткізу кезінде бір адамға шаққандағы шығын 2,9 АҚШ долларын құраса, 2020 жылы 1,2 АҚШ долларын құрайды.

2020 жылғы Ресей Федерациясы халық санағының бюджеті 50 млрд рубль құрады. Ресейде санақ өткізу кезіндегі бір адамға шаққандағы шығындар 3,6 АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге бір адамға есептегенде санақ құны Беларусь Республикасында 1,04 АҚШ долларын, Әзірбайжанда 1,44 АҚШ долларын құрайды.

Айта кетсек, Қазақстанда 2020 жылы қазан айында халық санағы өтеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии