Горячие новости
Читайте также

Әділет министрлігі бірқатар мемлекеттік қызметтерді оңтайландырды

Некені бұзу туралы сот шешімін тіркеудің қажеті жоқ, яғни куәлік алу үшін АХАТ-қа жүгінудің қажеті болмайды.

Фото : almaty.adilet.gov.kz13 февраля 2020, 15:35

Енді еліміздің азаматтарына әділет органдары саласы бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және тіркеуші органдарға барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды zakon.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оңтайландыру "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес енгізілген өзгерістердің арқасында мүмкін болды.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлерінің автоматтандырылуына байланысты:

- енді, екі куәліктің: асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына, тіркеуші орган баланың жеке және ата-анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлікті ғана береді. Бұған дейін ата-аналар аталмыш куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қайта алуға өтініш жасайтын еді.

- некені бұзу туралы сот шешімін тіркеудің қажеті жоқ, яғни куәлік алу үшін АХАТ-қа жүгінудің қажеті болмайды. Некені бұзғаннан кейін соттан мәліметтер әділет органдарының базаларына автоматты түрде түседі.

Осы жаңалықтардың арқасында орта есеппен 100 мыңға жуық азамат аталған қызметтерді алу үшін Мемкорпорацияның филиалдарына немесе тіркеуші органдарға жүгінбейді. Мысалы, соңғы 3 жыл ішінде осындай 300-ден астам акт тіркелді, орта есеппен жылына жүз мыңға жуық акт тіркеледі.

Тіркеуші органға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды азаматтардың ұсыну қажеттілігі алынып тасталды:

- тууды тіркеу кезінде қағаз түрінде медициналық куәлік пен неке қию туралы куәлікті ұсыну қажет емес (егер ата-анасы некеде болса);

- әке болуды анықтау, бала асырап алу, қалпына келтіру, жою немесе акт жазбаларына өзгерістер енгізу туралы сот шешімін қағаз түрінде ұсыну қажет емес.

Мысалы, егер бала туылса, онда бұрын АХАТ органдарына тиісті медициналық куәліктер немесе заңды туу фактісі туралы сот шешімін ұсыну қажет болатын. Енді бұл құжаттарды әкелудің қажеті жоқ. Бұл деректер басқа мемлекеттік органдардың жүйелерінен алынады.

Сондай-ақ, халыққа барынша ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді:

- тууды туған жеріне немесе ата-анасының тіркелуіне қарамастан кез-келген АХАТ органында, тіркеуге болады;

- Тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгертуді тіркеуді өтініш берушінің тіркелген орнына қарамастан кез-келген АХАТ органы жүргізеді;

- қайтыс болуды тіркеу адамның қайтыс болған жеріне немесе оның тіркелген жеріне қарамастан кез-келген АХАТ органында жүргізуге болады.

Қайталама куәліктер мен анықтамаларды азаматтың туған жері, акті тіркелген және тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің кез-келген АХАТ органдарынан алуға болады.

Жоғарыда аталған барлық жаңалықтар мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіруге және азаматтардың уақыт пен қаражат шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии