Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ең жемқор бес министрліктің тізімі жарияланды

Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім министрліктердің бестігі құрылды. Олар: ҚР ІІМ, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Фото : zakon.kz13 февраля 2020, 16:44

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құқықтық статистика органдары мәліметтері бойынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың саны 1002 адамды құрады, бұл - өткен жылмен салыстырғанда біршама аз көрсеткіш, дәлірек айтсақ 7% төмен, - деді Жарова.

Ақпаратқа сәйкес, сотталғандардың 515 -і - орталық мемлекеттік органдардың, 261-і - жергілікті атқарушы органның, 37-сі - квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, ал 189-ы - басқа адамдар.

Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім министрліктердің бестігі құрылды. Олар: ҚР ІІМ, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ол көбіне жемқорлық қылмысы осы министрліктің өңірдегі бөлімшелерінде және оған қарасты мекемелерде жиі орын алғанын да айта кетті.

Оның айтуынша, полициядағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары республиканың барлық аймақтарына тән, дегенмен, өткен жылы сотталғандардың ең көп саны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сонымен қатар Жамбыл облысы полиция бөлімдерінде тіркелген.

ІІ-орында - Қаржы министрлігі.

"Мемлекеттік кірістер органдарының Алматы қаласында аймақтық деңгейде ең нашар жағдай байқалады. Мұнда 10 қызметкер жауапқа тартылған. Алматы облысында тоғыз, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында бес факт бар. Қылмыс тұрғысынан пара басым. Пара алу бойынша 49 факті тіркелді, - деді ол.

ІІІ-орында - Қорғаныс саласы. Өткен жылы бұл салада 28 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның басым бөлігі басшылықтағы адамдар, яғни 28-дің - 20 -сы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - IV -орында. Бұл салада жемқорлық қылмысы бойынша 20 адам сотталды. Оның 11-і - басшылық қызметтегілер.

Ал бестікті түйіндеп тұрған - Ауылшаруашылығы министрлігі.

Өткен жылы онда 19 адам сотталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың едәуір бөлігі бағынышты ұйымдарға тиесілі. Бұл - аңшылық шаруашылығы, фитосанитарлық диагностика, ветеринарлық зертхана мекемелері. Көп жағдайда бұл - қол астындағы адамдардан оларды әртүрлі іссапарларға жіберіп, өтірік жұмыспен қамтып, қағаз толтырғаны үшін пара алу фактілері, - деп сөзін түйіндеді Анар Жарова.

Мониторинг көрсеткендей, өткен жылы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан – 37, Шығыс Қазақстан – 37, Жамбыл – 30, Ақмола – 19, Алматы және Қостанай облыстарында – 15-тен, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14-тен.

"Жергілікті атқарушы органдарда көбінесе сыбайлас жемқорлық қылмыстар білім беру, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс, ТҮКШ салаларында жасалған", – деді Жарова.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынды.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии