Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алик Шпекбаев Вашингтонға барып келді

АҚШ Бас прокуратурасымен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді бірлесіп тергеу мәселелері талқыланды.

Фото : ANTIKOR News18 февраля 2020, 12:37

Ағымдағы жылдың 11-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бастаған делегация Вашингтонда (АҚШ) жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Мемлекеттік департаменттің, Бас прокуратураның, жоғары деңгейлі өкілдерімен, сондай-ақ PRS Group, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік әділет жобасы (WJP) және Ашық үкіметтің бастамасы (OGP) сияқты ұйымдармен екіжақты кездесулер өтті.

Кездесулер барысында Агенттік төрағасы кездесулер барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу призмасы арқылы саяси және экономикалық реформалардың бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, инвестициялық саясат мәселелері және айқындылық векторы мен мемлекеттік басқару саласындағы ашықтық мәселелері айтылды. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметіне, сонымен қатар күнделікті сыбайлас жемқорлықты жоюдағы цифрландырудың маңызды рөліне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық тәжірибені таныстыру барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдар мен қоғамдағы парасаттылық мәдениетін кеңейтуге бағытталған шаралар саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістерді талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру үшін жауапты тәуелсіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік құру фактісіне ерекше оң баға берілді. Спикерлер превенция бағытына акцентті аударудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

PRS Group атқарушы директоры Кристофер Макки Агенттіктің бизнесті/инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау мен қолдау, азаматтық белсенділер мен еріктілерді жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Дүниежүзілік әділет жобасының ынтымақтастық жөніндегі директоры Тед Пикконе Агенттік қызметіндегі жаңа көзқарастар мен құқыққорғау және сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға оң баға берді.

Есірткімен халықаралық күрес қарсы және құқық қорғау қызметі бойынша Мемлекеттік департаменттің басшысы Джорган Эндрюс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысқа жету сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға Агенттіктің үйлестіруі арқылы барлық мемлекеттік органдардың қатысуы және атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың сенімін арттыру арқылы болатындығын атап өтті.

АҚШ Бас прокуратурасымен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді бірлесіп тергеу мәселелері талқыланды. Осы бағытта американдық тарап өзара құқықтық көмек туралы келісім арқылы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдірді.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии