Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қордай ауданында полиция қызметкерлеріне жабылған ағайындылар қамауға алынды

Үш айыпталушы кінәсін толық мойындап, тергеу сотының келісімімен қамауға алынды.

Фото : miro.medium.com18 февраля 2020, 12:53

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне күш қолдануға қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында кезекшілік қызметін атқарып жүрген жол полициясы қызметкерлері Воингуй деген азамат тізгіндеген Honda Odyssey көлігін тоқтатқан. Тексере келе, көлік құжаттары болмаған көлік иесінен полиция бөліміне еріп жүру сұралған. Алайда полицияның бұл талаптарын орындамаған ол өз үйіне тартқан. Үйі алдында ағалары Воингуй А. және Воингуй М. – бәрі бірге полиция қызметкерлеріне күш қолданған, делінген ҚР Бас прокуратурасының таратқан ақпаратында.

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізді.

Үш айыпталушы кінәсін толық мойындап, тергеу сотының келісімімен қамауға алынды. 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жіберілді, деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии