Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Өскеменнің маңына ұшақ апатты жағдайда қонды

Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Фото : ҚР ІІМ ТЖД26 февраля 2020, 14:19

Әлеуметтік желіде төңкеріліп, будақтап түтін шығып жатқан ұшақтың видеосы тарап жатыр. Куәгерлер оның құлап түскенін айтады. Алайда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің хабарлауынша, Ан-2 ұшағы қозғалтқыштың ақауларына байланысты апатты жағдайда қонған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық мақсатта Өскемен - Ақсуат бағытында ұшқанын хабарлайды.

Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы ақау туралы хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде апаттық жағдайға байланысты қону туралы шешім қабылдады: бортта 5 адам, 3 экипаж мүшесі және 2 қызметкер жолаушы болды, делінген ҚР ИИДМ ҚАӘ хабарламасында.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұшақтың құлау салдарынан өртеніп кеткенін хабарлады.

Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі апатты жағдайға байланысты тергеуді бастап кетті.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии