Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Асхат Аймағамбетов: Енді каникул кезінде олимпиадалар өткізілмейді

Министрдің аузынан "олимпиада, ғылыми жоба байқаулары әділ, таза өтуі керек" деген сөз шықты.

Фото : Андрей Переверзев / voxpopuli.kz26 февраля 2020, 15:50

ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде ведомства басшысы Асхат Аймағамбетов енді пәндік олимпиадалар каникул уақытында өткізілмейтінін айтты. Аталған өзгеріс биылдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Олимпиадалар енді каникул кезінде өткізілмейді. Өйткені, оған сабақта өте белсенді, жақсы оқитын оқушылар қатысады. Біз оларды каникул уақытындағы демалыстан айырмауымыз керек, олар демалуы қажет. Сондықтан, биылдан бастап олимпиадаларды басқа мерзімде өткізетін боламыз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр республикалық олимпиадаға қатысу үшін, облыстарға баратын балаларға жақсы жағдай жасалуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, жоо басшыларына оқушылармен кездесу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

"Республикалық олимпиадаға кем дегенде 1,5 мың дарынды, білімді бала қатысады. Дайындық барысын бөлек қарастырамыз, дегенмен Қарағанды және Алматы облыстарында балалардың қауіпсіздігі, жататын жері, тамақтануы бойынша барлық жағдай жасалсын. Екіншіден, университет басшыларына тапсырма: 1,5 мың оқушы барады, университеттер де олармен жұмыс істеуі қажет. Жаз айларында ғана емес, мұндай жұмыс ұдайы жүргізілуі керек", – деді Асхат Қанатұлы.

Сөз соңында министр мектеп бітірушілерге университет тарапынан 50 грант бөлген ТарМПУ-ды өзге ЖОО-ларға үлгі ретінде атап өтті.

"Мысалы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры еріктілерге, дарынды балаларға 50 грант бөлді. Міне, осыны үлгі ретінде айтуға болады. Сондықтан, кәсіптік бағыт-бағдар беруге бей-жай қарамау керек", – деді Асхат Қанатұлы.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҚР БҒМ Түркістан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турын өткізу барысында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде бірқатар өрескел бұзушылық анықталды.

Осыған орай, Асхат Аймағамбетов олимпиада, ғылыми жоба байқаулары әділ, таза өтуі керектігін баса айтты.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии