Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалім мектепте зорланды

Күдікті бұған дейін ауылдағы ақыл-есі кеміс қызды зорлаған деседі. Бірақ ол іс жабылып қалған.

Фото : portofranko-vl.ru26 февраля 2020, 16:47

Павлодар облысында мұғалім зорланды, деп хабарлады НеМолчи қозғалысын құрған белсенді Дина Смаилова.

Оқиға Павлодар облысындағы Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында болған.

Ақпанның 25-і күні кешкісін бұрын қыз зорлау және ұрлық үшін істі болған Қабидолла Б. жас мұғалімді тура мектептің жанында зорлап кетті, - деп жазады Смаилова.

Күдікті бұған дейін ауылдағы ақыл-есі кеміс қызды зорлаған деседі. Бірақ ол іс жабылып қалған. Сосын мал ұрлығы үшін істі болғаны бар. Бірақ қазір өзі бостандықта жүрген.

Жәбірленген қыз басқа ауылдан жұмысқа келген. Жұмысының алғашқы күнінде-ақ зорлыққа тап болды.

Ауылда интернет мектепте ғана бар. Жұмыс істейін деп кешкісін мектепке барған қыздың алдынан Қабидулла шығып, мектеп жанындағы қаңырап тұрған ғимаратқа күшпен алып кіріп, зорлап тастады! Қыз небәрі 19 жаста! Балаларға білім беруге келген, - деп жазады Дина Смаилова.

Қабидулла қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.

Қыз асырап отырған ауыл тұрғындары енді үрейленіп қалды, - деп қосты ол.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии