Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ШҚО-да құлаған ұшақ 4 айлық науқас сәбиге бара жатқан

Олар санитарлық тапсырма бойынша пневмониямен науқастанған 4 айлық сәбиді облыс орталығына жеткізу үшін шыққан екен.

Фото : ҚР ІІМ ТЖК26 февраля 2020, 17:41

Бүгін Прапорщиково ауылының маңында құлаған АН-2 ұшағының экипажы болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.

Сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында "Орлан-2000 әуе компаниясы" ЖШС-нің 0001 борт нөмірлі АН2 ұшағының КОЖ1477 рейс экипажы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын еске саламыз. Олар санитарлық тапсырма бойынша пневмониямен науқастанған 4 айлық сәбиді облыс орталығына жеткізу үшін шыққан екен.

Ұшақтың бортында 5 адам болған. Оның екеуі дәрігерлер – санавиация меңгерушісі Рафаил Халитов пен фельдшер Бек Асаубаев.

Жолда қозғалтқыштан техникалық ақау байқалып, ұшақ қуатын жоғалта бастайды. Экипаж бұл туралы диспетчерге хабарлайды. Ұшақ командирі Сергей Шкулов мәжбүрлі түрде қонуға бел буады. Ол қайта Өскеменге қарай бет алған. Қаланың немесе ауылдың үстінде құламау үшін командир ұшақты жазық далаға қарай бағыттаған. Әуежайға жетіп үлгермейтін болғандықтан, қарға қонуға тура келіпті. Осы кезде шасси қарға батып кетіп, ұшақ аударылады да, қозғалтқыш жана бастайды.

Экпиаж бен дәрігерлер қауіпсіздік белдігін тағып отырған екен. Барлығы аман, қазір ауруханада тексеруден өтіп жатыр. Екінші командир Александр Иванов ауруханаға жатқызылады, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ Ақсуаттағы науқас сәбиге тікұшақ жіберілетіні жайлы хабарланып отыр.

Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы қолға алды.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии