Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ходовкамыз салдыр-гүлдір. Көктем келді, жолдар тағы шұрық-тесік

Жол жоқ вообще. Машина жүретін жол емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз арбамен жүрген жол сияқты.

Фото : видеодан кадр3 марта 2020, 10:29

Жол азабын жүрген білер. "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" бағытындағы трассаның құрылысы басталғалы көлік жүргізушілерден маза кеткен. Әсіресе, уақытша жолдың күтіміне айтылар шағым көп. Уақытылы тегістелмейтіндіктен, ойдым-ойдым боп кеткен.

Шұрық тесік шұңқырлар жүріс бермейді. Көлігіміз бұзылып, әбден шығынға баттық, деп жылаған халық. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ескелді ауданының тұсынан өтетін республикалық трасса. "Жол сапасын қадағалаушы мекеме мен түсірілім тобы келді" дегенді естіді ме, әлде, айтылған шағымды ескерді ме, біз барғанда техникалар жолды тегістеуге кірісіп кетті. Су жиналған жерлерге топырақ төгіп, шұңқырларды жабуға тырысты.

Сайлаубек Арымбаев, Ақын Сара ауылының тұрғыны:

"Сіздер келе жатқанды әдейі біліп, жолға шығып жатыр ғой, - деймін бүгін. Әйтпесе, мынандай қаптаған машинаны көрмейтінбіз. 3 жыл болды көрген күніміз осы. Біресе, шаровый ұшады, біресе, бірдеңесі кетеді. Міне, күнде осындай жол".

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты, ескі асфальтты қырып тастағандықтан, жүргізушілер уақытша жолмен жүруге мәжбүр. Бірақ, оның өзінде шұрық тесік шұңқыр көп. Ал, оған көліктер шыдас бермей, орта жолда бұзылып жатыр.

Көлік жүргізуші: "Ұсақ мәшинелер анау жолда дөңгелектері жарылып, ана ходовкасы сынып, жолдың бейнетін көріп жатыр ғой жаман жолдың несінен".

Көлік жүргізуші: "Жолдың жағдайы болғанда, жол жоқ қой вообще. Машина жүретін жол емес қой. Бұрынғы ата-бабаларымыз арбамен жүрген жол сияқты ғой".

Көлік жүргізуші: "Қатты жүрсең, мәшинені құртасың. Ақырын жүрсең, уақытты ұтқызатын боп тұрмыз".


Жол азабы өз алдына, жолаушылар үшін жолақысы да қымбаттап кеткен.

Жеңісалы Рахымжан, жолаушы:

"Бұрын енді, ақшасы төмен болатын. Әзір енді, жоғарылап кетті. Зіркілдеп, жолдың жақсы болмағанынан кейін, өне-бойымыз ауырып, машина да жөнді жүре алмайды".


Жол күтіміне шағым көп болғандықтан, жол сапасын қадағалаушы мекеме өкілдері де арнайы тексеріс жүргізді. Нақты жағдайды көзбен көрді. Жаңадан салынған асфальттың да сынамасын алды. Мамандардың айтуынша, жолдың бұзылуына сапасынан бөлек, ауыр жүк көліктерінің жүруі себеп екен.

Ғалия Асанова, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы облыстық филиалының зертхана меңгерушісі:

"Жол күтімі өз деңгейінде емес. Сондықтан, Ұлттық сапа орталығымен мердігерге хат жолданады. Сол бойынша, нақты шараларды қолданып, кемшіліктерді жоюға міндеттейміз".


Әділхан Ахметұлы, Жол салушы компанияның бас инженері:

"Зимняя содержания дейді, жаңағы утвержденный. Онда жаңағы берілген 8 техника. 8 техниканың барлығы жұмыс істеп жатыр. Әзір бізде кейбір жердегі ямаларды жауып үлгермей жатырмыз. Бірақ, істейміз оны".

Талдықорған-Өскемен бағытындағы жолдың 300 шақырымнан астамы Алматы облысы аумағынан өтеді. Болашақта оның 30 шақырымы төрт, ал, қалғаны екі жолақты болмақ. Жалпы, жұмысты жылдамдату үшін, биыл жол құрылысына 80 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп отыр.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

"Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты, мердігерлер бізге жұмысшы күші жетіспей жатқанын айтқан болатын. Біз, қаржы бөліп, "Еңбек" бағдарламасымен 250 адамның 200-ін оқыттық. Күн жылынысымен, жол құрылысы жанданады. Биыл олар асфальт салып, көліктер жүре бастайды. Ал, 2021-ші жылы жұмысты толығымен бітіреді деп отырмыз".

Қазір мердігер компаниялар жол салу жұмыстарына дайындалып жатыр. Қыс бойы құр жатпай, қажетті инертті материалдардың жартысынан көбін дайындап қойған. 15-ші наурыздан бастап, толықтай іске кіріспек.


Вся важная информация о коронавирусе в Казахстане публикуется в telegram канале «zakon.kz». Подписывайтесь!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии