Горячие новости
Читайте также

Қытай қор биржасының индекстері бірінен соң бірі құлап жатыр

Бағаның құлдырауы Азияның басқа да қор биржаларында көрініс тауып жатыр. Филиппин мен Оңтүстік Кореяда құлдырау 10% -дан асты.

Фото : Хабар 2413 марта 2020, 10:59

Бүгін Гонконг қор биржасының басты индексі - HangSeng таңертең коронавирустық пандемия және Америка Құрама Штаттарындағы қор биржасының құлдырауы туралы жаңалықтан соң оңбай құлады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

9.30-да (7.15 Нұр Сұлтан) HangSeng саудасының алғашқы 15 минутында 7,36% төмендеді, алайда ақыры 6,4% теріс көрсеткішке тұрақтап, 22730.54 пункті құрады. Бір күн бұрын HangSeng индексі онсыз да 3,66% құлдыраған.

АҚШ-та және Еуропада COVID-19 коронавирусының жедел жұқтыруы жағдайы нарықтарға қатты әсер етті, – дейді JPMorgan Asset Management компаниясының жетекші талдаушысы Тай Хуй.

"Көгілдір фишкадан" басқасының барлығы теріс көрсеткішке ие болды. Қытайдың Geely Automobile көлік өндіруші компаниясының акциясы 12,66% төмендеді. Қытай смартфондарына арналған линзаларды жасаушы Sunny Optical Technology компаниясының позициясы 13,43% -ға нашарлады.

Ұлыбританияның жетекші HSBC банкі және ресей алюминий өндірушісі Русалдың бағалы қағаздары 10% құнсызданды.

Бағаның құлдырауы Азияның басқа да қор биржаларында көрініс тауып жатыр. Филиппин мен Оңтүстік Кореяда құлдырау 10% -дан асты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии