Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ресейден жеткізілген 19 тонна банан ел аумағына кіргізілмеді

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған.

Фото : ҚР АШМ26 марта 2020, 15:59

ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии