Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

30 наурызда екі қаладағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Фото : lh3.googleusercontent.com27 марта 2020, 13:12

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, әкімдер А.Күлгінов пен Б.Сағынтаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жағдай туралы баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызынан 5 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметінен басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Толық тізім қала әкімдіктерімен келісіліп анықталады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии