Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

TSE емес NQZ. Билік Нұр-Cұлтан әуежайының кодын өзгертіп тынды

Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының үш әріптік коды өзгерді

Фото : ҚР ИИДМ баспасөз қызметі7 апреля 2020, 17:31

Бүкіл әлемде және Қазақстанда азаматтық авиация - коронавирус пандемиясынан (COVID-19) зардап шеккен салалардың бірі. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибе негізінде авиаторларды қолдаудың түрлі шаралары қарастырылуда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, әлемдегі азаматтық авиация саласының, оның ішінде Қазақстандағы күрделі жағдайға қарамастан, коронавирус пандемиясына дейін басталған процестер жалғасын табуда. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.

Министрлік ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс істегенін атап өту қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қарарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады.

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии